Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында Қызылордада «Қайсар» мен «Ордабасы» кездеседі. Бұл ойынды Қазақстан кубогының финалы алдындағы дайындық деуге болады.
Екі команда да Кубок турнирінде жоғары нәтиже көрсеткенімен, Премьер-лигада мүлде бөлек мақсаттарды көздеп отыр. «Ордабасы» «Қайратпен» чемпиондық атақ үшін таласып жатса, «Қайсар» шымкенттіктермен кездесу алдында турнир кестесінің соңынан санағанда екінші орынға түсіп қалды.
Матч сағат 19:00–де басталады.
Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.
