Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan   ҚФФ бұл мәселенің ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдеді.

«Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады.

Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады» делінген жазбада.