2025 жылы өтетін футзалдан алғашқы әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада жаттығуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасы негізгі кезең аясында 6-топта Нидерланд және Польшамен күш байқасады. Топ жеңімпазы элиталық кезеңге жолдама алады.

Негізгі раундтың ойындары Қазақстанда өтеді. Матчтар 17-19 қазан күндері Астана қаласы, «Сайран Арена» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, футзалдан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 2025 жылдың 21 қараша - 7 желтоқсан аралығында Филиппинде өтеді. Турнирге 16 команда қатысады, Еуропадан (УЕФА) 4 құрама іріктелінеді.