ФИФА Қазақстан құрамасының футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

ФИФА ұйымының ресми сайтында жарияланған Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Нарун Серіков, Лео Игита;

Ойыншылар: Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дарибай, Әбдірасұл Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбаликов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит, Дуглас;

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Испания, Жаңа Зеландия және Ливия командаларымен кездеседі. Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.