Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап. 

Қос құрама Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында екі жолдастық ойын өткізеді. Ойындар 16 және 18 қазан күндеріне жоспарланған.

Қазақстан құрамасына шақыру алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Талғат Өтепбергенов, Бақдәулет Өмірзақов, Артур Галиханов;

Алаңдағы ойыншылар: Альберт Ақбалықов, Иван Марахов, Эдсон Гомес Дос Сантос, Александр Дерябин, Біржан Оразов, Азат Валиуллин, Ілияс Бөлекбаев, Тимур Мәлібеков, Рамазан Бисембайұлы, Ақжол Дәрібай, Әбдірәсіл Абдуманапұлы, Дамир Қайырбай, Нұрсұлтан Пиялы, Нұрқанат Бақтияров.