«Барыс» хоккей клубы басшылық пен бапкерлік штаб ауысқан соң екінші матч өткізіп, КХЛ осы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Елордалық команда «Динамо» (Минск) клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Шайбаларды Алихан Өмірбеков және Кирилл Панюков соқты.