Бокстан, ушу-санда бойынша халықаралық дәрежедегі «Еркін күш» командасының өкілі Георгий Майсурадзе ММА кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Майсурадзе Ильямин Джаватовқа қарсы жекпе-жегін бүкіл қашықтықта үш раундтан өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.