Макаода әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қатысуымен WTT Champions турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Аталған сынға қазақстандық Кирилл Герасименко де қатысты. 

Ол 1/16 финалда командалық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған  Симон Гаузимен (Франция) кездескен болатын. 

Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді.