Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Тунистегі турнирдің финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ломакин бразилиялық Дос Сантоспен бірге түрік жұбы Аксу – Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен жеңді.

Ақтық сында неміс-брит дуэті Никлас Шелл – Маркус Валтерспен матч күтіп тұр.