Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин ресейлік серігі Егор Агафоновпен бірге Үндістанның Индор қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport+.

Сенсациялық жеңіліс 1/8 финал кезеңінде орын алды.

Бірінші нөмірмен тіркелген Ломакин мен Агафонов матчтың фавориттері саналған. Алайда үндістандық жұп Суреш Дакшинешвар мен Сомани Перикшит сенімді ойын көрсетіп, екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Жекелей сындағы алғашқы айналымда Ломакин тағы да Суреш Дакшинешвармен кездеседі.