Тбилиси қаласында (Грузия) 20–22 наурыз күндері дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы сапында 12 дзюдошы тіркелген.

Құрама құрамы салмақ дәрежелері бойынша:

60 келіге дейін – Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін – Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін – Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов

90 келіге дейін – Барақ Арқабай

100 келіге дейін – Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев

100 келіден жоғары – Еламан Ерғалиев

Айта кетейік, бұл турнир әлемдік рейтингке ұпай беретін беделді жарыстардың бірі саналады.