Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен белдесіп, екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.