Жапондық «Монстр» Наоя Иноуэ өз белбеулерін сәтті қорғап, екінші жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды.

Америкалық Рамон Карденасқа қарсы жекпе-жек жапондықтың 8-раундта нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды.

Иноуэ командасының жоспарына сәйкес, келесі титул қорғау жекпе-жегі қыркүйек айында Муроджон Ахмадалиевке қарсы өтеді.