Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде өткен WTA сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шешуші матчта Юлия австралиялық теннисші Айла Томляновичті екі сетте 6:1, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.
Бұл триумф Путинцева үшін шөп корттарында мансабындағы алғашқы, сондай-ақ WTA сериясындағы үшінші жеңісі болды.
