Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Пекиндегі WTA турнирінің екінші айналымында жапондық Наоми Осакеге жеңілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Путинцева бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жеткенімен, Осака матчтың барысын өзгертіп, екі сетте қатарынан 6:4 және 6:2 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 48 минутқа созылды.
Үшінші айналымда Осака америкалық Кэти Волынецке қарсы өнер көрсетеді.
