Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстанның екінші ракеткасы алғашқы айналымда румыниялық Елена Габриэла Русені жеңді. Ал іріктеу кезеңінің финалында америкалық Эшлин Крюгерден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Путинцева жеңген екі қарсыласы да қазіргі уақытта WTA рейтингінде қазақстандық теннисшіден жоғары орналасқан.