Таразда үлкен бокс кеші өтеді, оның аясында көптеген қазақстандық спортшылар, соның ішінде тараздық көрермендердің сүйіктілері — Алишер Абдуалим, Сұлтанбек Айбарұлы, Алмас Дүйсенқұл және басқалар өнер көрсетеді.

Жұптардың толық тізімі келесідей:

1-жұп, 55,2 келі, 4 раунд. Бекзат Мұсахан (Алматы) – Арнат Әли (Тараз)

2-жұп, 63,5 келі, 4 раунд. Ерасыл Қалдарбек (Шымкент) – TBA (жарияланбайды)

3-жұп, 76,2 келі, 4 раунд. Асанәлі Сатбаев (Тараз) – Ернар Бауыржанов (Қызылорда)

4-жұп, 63,5 келі, 4 раунд. Оразалы Көбей (Тараз) – Арнұр Ермекұлы (Алматы)

5-жұп, 57,1 келі, 6 раунд. Жасұлан Тілеумбек (Шымкент) – Асадбек Хусанбоев (Өзбекстан)

6-жұп, 63,5 келі, 6 раунд. Нұрсұлтан Смаил (Алматы) – Арлан Бақбергенов (Меркі)

7-жұп, 58,9 келі, 6 раунд. Ерсұлтан Жараспек (Тараз) – Аян Өмірхан (Алматы)

8-жұп, 63,5 келі, 6 раунд. Алмас Дүйсенқұл (Тараз) – Ахмаджон Құзибоев (Өзбекстан)

9-жұп, 79,3 келі, 6 раунд. Сұлтанбек Айбарұлы (Тараз) – Зоид Джабиров (Тәжікстан)

10-жұп, 69,8 келі, 8 раунд. Алишер Абдуалим (Тараз) – Асрорбек Рахимов (Өзбекстан)

Бокс кешінің басталуы – сағат 18:00-де.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.