Бүгін, 1 қарашада Қазақстан шорт-трек командасы Әлемдік турдың екінші кезеңін бастайды, деп хабарлайды Sport+.

Команда маусымға арналған комбинезондардың жаңартылған дизайнын таныстырды. Енді біздің команда «Kazakh Nomads» атауымен өнер көрсетеді және олардың киімдерінде ақбоз ат бейнеленген.