Казахстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдың Шанхай қаласындағы турнирдегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшы хард кортында ресейлік теннисші Роман Сафиуллинмен кездесті және екі сетте 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

Ойын бір сағат 38 минутқа созылды және 1/64 финал кезеңінде өтті.