Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңіне кірісті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Спортшылардың оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласындағы Олимпиадалық дайындық орталығында өтіп жатыр.

Оқу-жаттығу жиыны 28 қаңтарда аяқталады. Төменде Харбинде өнер көрсететін құрамның тізімі көрсетілген:

Әйелдер:

- Ангелина Эбауэр

- Тилсимай Аллиярова

- Екатерина Колыхалова

- Мерей Тастемір

- Регина Эбауэр

Ерлер:

- Абылайхан Жүзбай

- Айдос Аллияр

- Әділ Жұмағожа

- Ермек Мұсаинов

- Арман Ержанов

Аралас жұптар:

- Азизбек Надирбаев

- Амина Какимжанова