Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді — 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды — 1:55.18.

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті — 1:56.84.