Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады.

Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды — 6:46.17. Ол осы Олимпиада ойындарында екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін 3000 метрде де жеңіске жеткен еді.

Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Мерел Конейн (6:46.27) еншілесе, қола медаль Норвегия спортшысы Рагне Виклундқа бұйырды — 6:46.34.

Айта кетейік, Надежда Морозова осылайша тағы да үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықта да бақ сынайды.