Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Мәреде Кошкин 34,56 секунд нәтиже тіркеп, алтыншы орынды иеленді.

Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды — 34,14. Күміс жүлдені поляк Дамиан Журек иеленді — 34,14. Қола медаль жапониялық Юта Хироисеге тиді — 34,44.