Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Челленджер сериясының турнирінде жартылай финалдық матч өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кукушкин чех теннисшісі Якуб Меньшикке қарсы өнер көрсетіп, 6:3, 6:2 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 24 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші жеке разрядта АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінің 231-ші орнында тұр, ал Меньшик аталмыш рейтингтің 129-шы орында.
Жарыстың финалында қазақстандық спортшы Ришар Гаске (Франция) - Дамир Джумхур (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
