Қазақстандық Михаил Кукушкин Бахрейн астанасы Манан қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінде бірінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші айналымда Кукушкин чех Далибор Сврцинаны 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Енді келесі айналымда қазақстандық Элиас Имермен (Швеция) (8) - Александр Ричардпен (Швейцария) жұбының жеңімпазымен ойнайды.