Люксембург спортшысы Ни Сялянь Париж Олимпиадасында ерекше рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
61 жастағы спортшы үстел теннисінен Олимпиадада матч жеңіп алған ең қарт ойыншы атанды.
1/32 финалында Ни 31 жастағы түрік спортшысы Сибель Алтынкаяны 4-2 (12:10, 11:3, 11:7, 9:11, 10:12, 11:6) есебімен жеңді.
Келесі раундта Люксембург өкілі өзінен 38 жас кіші қытайлық Сунь Иншаға қарсы ойнайды.
