Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Болгарияның София қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде жеке разрядта алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы аргентиналық теннисші Валентин Базельмен кездесіп, екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Ойын бір сағат 33 минутқа созылды.
