Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен турнирдің іріктеу кезеңінің алғашқы матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші айналымда Ломакин жергілікті спортшы Дзен Яоцзимен (1323-ші орын) кездесіп, үш сетте ұтылды. Қазақстандық спортшы тайм-брейкте алғашқы сетте жеңіске жеткен — 7:6, алайда кейіннен қарсыласы камбэк жасап, 6:3, 6:4 есебімен жалпы жеңісті өз пайдасына шешті.

Үш сетке созылған бұл матч шамамен үш сағат өтті.