Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин тайлық спортшы Вишайя Тронгчароенчайкулмен жұп болып Қытайда өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық-тай жұбы 1/8 финалда жергілікті спортшылар Динжен Нима мен Женгу Сунды 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалда да олар тағы бір қытайлық жұп — Ксируй Хань мен Вейтао Сюйді екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтты.