Словенияның Марибор қаласында ITF World Tennis Tour M25 сериялы турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

19 жастағы қазақстандық Максим Батютенко іріктеудің финалында словениялық Валя Уранкарды 6:3, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бірінші раундта Максим австралиялық Джера Стейлиді 6:3, 7:5 есебімен, содан кейін словениялық Мех Ветрихті 6:4, 6:3 есебімен жеңді.