Алматыда классикалық ат жарыстарының үлкен маусымы басталады. Алғашқы Қазақстан Гиней бәйгесі 31 мамыр күні өтеді.

Еліміздің ең үздік тұлпарлары Балаларды қорғау күніне арналған 7 бәйгеде бақ сынайды.

Жүлде қоры — 20 миллион теңге.

Басталу уақыты — 13:00.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.