V Азия Пара ойындарында қазақстандық Махамбет Серікқалиев ядро итеруден F53 санатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Отандасымыз 6,81 метр нәтиже көрсетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Бұл сында 8,16 метр нәтижемен Үндістан өкілі А. Верма жеңімпаз атанды. Ал 8,09 метр көрсеткішке қол жеткізген ирандық А. Хемами күміс жүлдені иеленді.
