World Boxing халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына дауыс беру аяқталды.

Ерлер арасында бұл номинацияда Махмұд Сабырхан жеңіске жетті. Ол қолданушылардың ең көп дауысын жинады.

Сондай-ақ жылдағы ең үздік жекпе-жек ретінде Астанада өткен Әлем кубогының ¼ финалында Махмұд Сабырхан мен Аарон Джуд (Филиппин) арасындағы кездесу танылды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram желісінде жанкүйерлер арасында өтті. Әрбір лайк бір дауысқа теңестірілді.