ҚР туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиада Ойындарына дайындыққа қанша қаражат жұмсалғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Олимпиадаға дайындық барысы тақырыбына арналған брифингте вице-министр Серік Жараспаев:
«Бұл — бюджеттен алынатын қаражат. Жасыратын ешнәрсесі жоқ. Бұл мәселемен Спортты дамыту Дирекциясы айналысады. Бүгінгі күнге дейін Олимпиадаға дайындық және Ойындарға қатысуға 980 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды», - деп жауап берді.
