Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші ойында қазақстандықтың қарсыласы әлемдік рейтингтің 41-нөмірі, италиялық Лучано Дардери болды. Кукушкин екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда Михаил қазақстандық Александр Шевченко мен аргентиналық Марко Трунгеллити арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.