NAIZA лигасының чемпионы, әлі жеңіліс көрмеген жауынгер Дастан Амангелді Еуропаның OKTAGON лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+. 

Бұл лигада Дастанның командасы бойынша әріптесі Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетеді.

«Бұл — үлкен аренаға, жаңа деңгейге жасалған алғашқы қадам! Халықаралық додаларда Қазақстанды таныстыру — мен үшін үлкен мәртебе», — деп жазды Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында.