Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстан командасының жаттықтырушысымен және боксшыларымен кешкі ас ішті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Instagram-дағы парақшасына Ташкентте өткен кешкі астан суреттер мен видеолар жариялады.
Ондағы суреттерден Мырзағали Айтжанов төрде отырғанын байқауға болады. Сондай-ақ бапкер Толқын Қылышев және бірнеше өзбекстандық боксшы да кешкі асқа қатысқан.
Ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері бата беріп, өзбек-қазақ боксшылары Олимпиаданың финалына шыға берсін деген тілек айтты.
