NAIZA ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуіне үміткер Самандар Рузматов үлкен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport+.

«Қарсыласым кім болса да бәрібір! Мен белбеу үшін айқасамын! Желтоқсан айында жекпе-жек өткізгім келеді. Жылдың нокауты немесе сабмишенін жасап, NAIZA AWARDS статуэткасын жеңіп алуды жоспарлап отырмын», — деді Рузматов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жартылай орта салмақтағы NAIZA чемпиондық белбеуі Рамазан Гасановқа тиесілі.