Naiza ұйымы жылдың үздік сабмишнін таңдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұйымның нұсқасы бойынша Дастан Амангелдінің корейлік Су Ен Юға қарсы жекпе-жекте қолданылған әрекеті үздік деп танылды.

21 желтоқсанда "Almaty Arena" спорт кешенінде жеңіл салмақта жұдырықтасқан Дастан Амангелді корей спортшысын жеңіп, Naiza лигасының чемпионы атанды. Жекпе-жек бес раундқа созылуға тиіс болды, бірақ Амангелдінің үшінші раундтағы техникалық нокауты оған жеңіс алып келді.