Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында суға секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Назар Қожанов өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
31 шілдеде ол үш метрлік трамплиннен суға секіруден өткен іріктеу кезеңіне қатысты.
Қожанов төрешілердің шешімімен 324,55 ұпай жинап, өз жеке рекордын жаңартты.
Нәтижесінде Назар 45-орынды иеленді.
