Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.

Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінже еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.