Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық бұрымды боксшымен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жек оңайға соқпайтыны анық. Оның қытайлық қарсыласы Ву Ю Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі.

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:00-дер шамасында өтеді.