Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, мексикалық Акапулькодағы ATP турнирінде жорығын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирдің бірінші раундында Эскобармен бірге мексикалық жұп Гереро – Санчесті 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Турнирдің ширек финалында Александр мен Гонсалоның қарсыластары француз дуэті Садио Думбия – Фабиен Ребуль болады.
