Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Эшторилде (Португалия) өткен ATP 250 сериялы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финалда біздің спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып,  франциялық жұп Сади Думбия/ Фабиен Ребулды жеңді. Шешуші матч 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.