Халықаралық теннис федерациясы 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Амир Омарханов өткен аптамен салыстырғанда 12-ші орынға көтерілсе, Занғар Нұрланұлы Шымкентте өткен J200 турниріндегі жеңісінен кейін 55 сатыға жоғарылап, 94-ші орынға жайғасты.