75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Страндж Кубогының ширек финалы сатысында қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық Өзбекстан өкілі Фазлиддин Эркинбаевпен кездеседі. Жекпе-жек тоғызыншы ақпан күні кешкі сессияда өтеді.
Ширек финалға қазақстандық командадан тағы бес боксшы шықты: Санжар Ташкенбай (51 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Ерасыл Танқай (63,5 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (80 келіге дейін) және Абзал Құттыбеков (92 келіге дейін).
