Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Танымал қазақстандық боксшы таңдауын Алматыдағы №186 орта мектепте орналасқан № 515 референдум учаскесінде жасады.
Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 624 учаскеде жүріп жатыр. Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і – ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар.
