Жапонияның Осака қаласында J500 бірінші санатындағы беделді жасөспірімдер турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ITF жасөспірімдер рейтингінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов үшінші айналымда Ресей өкілі Егор Плешивцевті (95 ITF Juniors) жеңді. Есеп 4:6, 6:1, 7:5.
Ширек финалда қазақстандық колумбиялық теннисші Мигель Табонға (20 ITF Juniors) қарсы ойнайды .
