Мәскеуде ACA 187 турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде Александр Матмуратов пен Алексей Полпудников кездеседі.

Алексей қазақстандық көрермендерге Арман Оспанов пен Нұрсұлтан Қасымхановпен болған жекпе-жектері арқылы жақсы таныс. Ол екі кездесуде де жеңіске жеткен.

Басты кардта сондай-ақ бірнеше жекпе-жегін Қазақстанда NAIZA, Alash Pride және Mergen лигаларында өткізіп үлгерген Еділ Есенғұлов та өнер көрсетеді.

Турнир аясында жалпы 17 жекпе-жек жоспарланған.

Турнирдің басталуы Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.