Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін бокстан әйелдер арасында Карина Ибрагимова шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол ширек финалға шығу үшін пуэрто-риколық Ашлэйн Мотта Лозадамен жұдырықтасып, нәтижесінде төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.
Бұл Карина Ибрагимованың Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі. Ол жарысты бірден 1/8 финалдан бастаған еді. Өкінішке қарай ұтылып қалды.
Айта кетсек, әйелдер боксынан Парижге үш спортшы лицензия жеңіп алған болатын. Олар – Назым Қызайбай, Валентина Хальзова және Карина Ибрагимова.
